Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Байдан байға тоқал болып…”: Жан Ахмадиев Баян Мақсатқызы жайлы айтқан сөзіне өкінетінін жеткізді (ВИДЕО)

14:00, 04 желтоқсан 2025

Журналист, қоғам белсендісі Жан Ахмадиев кезінде Баян Мақсатқызына айтқан сөздеріне өкінетінін жеткізіп, кешірім сұрады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Темір қатын" деген рэпімді Баян Мақсатқызына арнап шығарғам. Ол кісі маған келіп ренжіді. Менің бұрқанып тұрған жас кезім еді. Қазір ойым өзгерді. "Әйелді аптасына бір рет сабап тұру керек" деп те айтқам. Бірақ оны айтқан бұрынғы Жан Ахмадиев. Қазір ойымды өзгерттім. Негізі мені асырап алған, шешем тастап кеткен. Содан кейін менде әйелдерге деген жеккөрініш қалып қойған ба деп ойлаймын. Шынымен біздің елде әйелдер бағаланбайды. Қазір еркектер ез болып кетті. Әйелдерін сабап, тепкілейді. Мені көріп отырған барлық әйел қауымынан кезінде айтқан сөзім үшін бас иіп кешірім сұраймын. Қателестім, қатемді мойындаймын", - деді Жан Ахмадиев Qazaq AIRAN YouTube-арнасына берген сұхбатында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар