Бүгін Алматыда жер сілкінді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, магнитудасы 4,6 балл болатын жер сілкінісі болды.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісі 2–3 балл болған.
"Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 мин жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталуда. Жерсілкінісі ошағы Қытай аумағында. Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км. жерде орналасқан. Жерсілкінісінің координаттары: 41.021 с.е. 78.387 ш.б Тереңдік 5 км”, – делінген хабарламада.