Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ата, туған күніңіз құтты болсын! Атаға арналған 10 үздік тілек

12:25, 17 ақпан 2025 460

Құрметті оқырман, Alash.kz ұлттық порталы атынан Атаға арналған үздік құттықтаулар мен тілектерлі ұсынамыз. 

Аса қымбатты аташым!

Ағайынға қамқор, ақылшы, әулетіміздің берекесі өзіңізсіз. Сізге жімле ғаламның бар жақсылығын тілеймін. Өмірдің жыры, дүниенің шуағы, Алланың нұрын тілеймін! Өміріңіз жанданып, көңіліңіз шырайлана түссін! Жылдар жылыстап, сағаттар сырғыса да, әрдайым жанымызда болып, жасай беріңіз! Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Шаңырағыңыздан шаттық кетпей, бақытыңыз баянды болсын!


*** ***

Сүйікті атам, құрметті қамқоршым. Сіздің өнегеңіз бен өсиетіңіздің саясында қанаттанып, жасап, жайнап келеміз. Әулетіміздің алып бәйтерегісіз, саяңызда сайран салып, бақыттың бал бұлағынан дәм таттық, тәрбиеңізден тағылым алдық. Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын. 

*** ***

Ақ айдынға салып бақыт кемесін, 
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің, 
Құтты болсын жетпіс бесің, аташым,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығың байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын жасыңызға,
Отбасына қуаныш сыйлап талай,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!


*** *** ***
Шаңырағымыздың шаттығы, ақ батасымен біздерге дем беріп жүретін Аташым, сізді туған күніңізбен құттықтаймын!

Сізге бар жақсылықты тілей отырып, деніңіз сау болып, жүзіңізден күлкі кетпесін дегім келеді. Жаратқан иеміз жар болып, сізге ұзақ ғұмыр берсін! Әр туған күніңізде, мерейтойларыңызда қасыңыздан табылып, ақ тілегімізді арнай берейік! Жүз жасаңыз ата! Немерелердің қызығына тоймай, шөберенің қылықтарына мәз болып, қолынан май жалап жүре беріңіз! Тағы да туған күніңізбен, аташым!
*** *** ***

Құтты болсын, аташым,
Бүгін туған күніңіз.
Амандықта, саулықта,
Ортамызда жүріңіз.

Көңіліңіз жай болып,
Жадырасын жаныңыз.
Жаратқаным жар болып,
Сәтті атсын таңыңыз.

Немерелер қуантып,
Шөберені көріңіз.
Жастан жасқа аман боп,
Ата, жете беріңіз.

*** ***

Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар тау тұлғалы сүйеніші, немерелерінің абыздай ардақты атасы, құрметті атамыз бүгін сексен жасқа толып отыр. Сексеннің сеңгіріне сергек шыққан шағыңызда мейманаңыз тасып, абыройыңыз асқақтай берсін. Осынау мерейлі белестерге шығып,  шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын деп тілейміз.

*** *** 

Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын, ата! Жасыңызға жас қосылып, жұлдызыңыз жоғарылап, мерей-мәртебеңіз арта берсін. Сіздің даналық дәрияңыздан қанып ішіп, жүрегімізді жылылыққа, көңіл сарайымызды парасатқа толтыра берейік. Өзгеше болмысыңыз, кеңқолтық қалпыңыз біздің қуанышым әрі мақтанымыз. Сіздің тау тұлғаңызды саялап, кемелдігіңізді аялап, жақсы, жарқын жылдардың жалына жармаса берейік. Аман болыңыз, бар болыңыз, АТАМ!

*** 

Ақ көңілді, ақ жүректі атам менің! Кішкене кезімнен асыл тәрбиеңізде жетіліп, өмірдің сырын ұғынып, көңіл көзім ашылды. Менің санама сәуле құйып, ақ батаңызды бердіңіз. Көрер жақсылығыңыз бен қуанышыңыз көп болсын. Жасыңызға жас қосылып, кемелдене беріңіз. Айналаңыз ізетті жандарға толып, немере, шөберелеріңіз өсіп-өне берсін. Жасай беріңіз, ақ аташым!

***

Аташым, нұрға толсын жүзіңіз, 
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. 
Тіршіліктің қызығына бөленіп, 
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекеңіз ұзағынан бола берсін,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсін!

***

Ата, сізді мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз.

Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз.

Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай тәнті істерді атқарарыңызға кәміл сенімдімін.

Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін! Шаңырағыңызда береке - бірлік, ырыс - ынтымақ бола берсін! Бақытыңыз баянды, сау - саламат жүргейсіз!

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар