Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ата-анасы қарсы болды, сөйтіп екі жаққа кеттік”. Жігер Ауыпбаев жеке өмірі туралы ашып айтты

10:00, 18 мамыр 2025 556

Әнші Жігер Ауыпбаев жеке өмірі туралы сыр шертіп, бұрынғы ғашығы туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Ол адам менің туып-өскен жерімнен болды. Мен желтоқсан айында сол ауылға концерт қоюға бардым. Сол концертте әрі-бері өтіп жүргенін көрдім. Кеш басталған кезде оны іздей бастадым. Жан-жағыма қарасам, дәл алдымда сол жақта отыр екен. 1,5-2 сағаттық концертті сол қызға қарап айттым. Ол оны байқады. Бір көргеннен ғашық болдым деп айтуға болады. Концерт біткеннен кейін әлеуметтік желіге кірсем, мені беліглеп сурет салған. Солай тауып алып, кейін сөйлесіп кеттік.

Есімін айта алмаймын. Ол адамды басымда қиын сынақтар болып, қиналып жүрген сәттерімде жолықтырып, көңіл жарастырдым. Қиын сәтте біреудің бір жылы сөзі күш беріп тұрады ғой. Сонда сәтте ол маған демеу болды. Басымыздан көп жағдай өтті. Кейін бәрі жақсы болып келе жатқанда ара-қатынасымызға қыздың ата-анасы мен бауырлары қарсы болды. Сөйтіп екі жаққа кеттік», – дейді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар