Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада BI Group салған тұрғын үйден әйнек сынықтары құлады (ВИДЕО)

15:50, 25 тамыз 2026

Астанадағы Garden View тұрғын үй кешенінде терезе әйнегі сынып, оның бөліктері көпқабатты үйдің ауласына құлаған. Оқиға сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Alash.kz 

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан әйнек сынықтарының биіктен тұрғындар жүретін аумаққа қарай құлағанын көруге болады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

BI Group өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берді. Компания мәліметінше, әйнек әрлеу жұмыстары жүргізілмеген пәтерде сынған. Оқиға болған кезде аталған пәтерде ешқандай жұмыс жүргізілмеген.

Оқиға анықталғаннан кейін қауіпті аумақ қоршауға алынып, жерге түскен әйнек сынықтары тазартылған. Сондай-ақ ғимаратта қалған әйнек бөліктерін қауіпсіз алып тастау үшін арнайы техникасы бар мамандар жұмылдырылған.

Әйнектің нақты қандай себеппен сынғаны әзірге белгісіз. Компания жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның нәтижесі тұрғындармен талқыланбақ.

Айта кетейік, Garden View – Астанадағы бизнес-класс санатындағы тұрғын үй кешені. Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында тұрғындардың қауіпсіздігі мен ғимарат конструкцияларының сапасына қатысты пікірталас тудырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар