Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент Армения Премьер-министрімен телефон арқылы не туралы сөйлесті

21:10, 24 тамыз 2026

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақорданың мәліметінше, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтап, аталған оқиғаның Қазақстан үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

Президент Премьер-министрге жылы лебізі және халықаралық байқаушылар миссиясы құрамында Армения өкілдерінің сайлауға белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылып, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар