Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

15 жастағы теннисші Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

15 жастағы теннисші Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Ақтаулық 15 жастағы теннисші Нұрдәулет Балқан Қырғызстанда өткен J60 Cholpon-Ata халықаралық жасөспірімдер турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

BAQ.kz мәліметінше, жарыс 17-23 тамыз аралығында Чолпон-Ата қаласының топырақ төселген корттарында өтті.

Балқан Гонконг өкілі Фу Ван Чоймен жұп құрып, өнер көрсетті.

Бірінші айналымда бұл дуэт қазақстандық Нұрислам Мұса мен Дамир Ниязов жұбын 6:1, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Ширек финалда Балқан мен Фу Ван Чой Қазақстаннан келген Егор Сорокин және Даниэль Юреклимен кездесті. Матч халықаралық дуэттің пайдасына 7:5, 7:6 (1) есебімен аяқталды.

Жартылай финалда оларға турнирдің бірінші ракеткалары – Израиль өкілі Давид Могилевский мен Үндістаннан келген Паншул Убовея қарсы тұрды. Балқан мен оның серігі 6:4, 6:1 есебімен басым түсті.

Финалда қазақстандық-гонконгтық дуэт ресейлік Артем Голиковпен беларусьтік Иван Притюпаға қарсы ойнады. Тартысты бәсеке де Балқан мен Фу Ван Чойдің жеңісімен аяқталды – 6:2, 6:3.

Теннис орталығының бапкері Берекет Жәнібековтің айтуынша, бұл жарыс жас спортшы үшін үлкен тәжірибе болып, қосымша халықаралық ойын тәжірибесін жинауға мүмкіндік берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар