Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп Канададан әкелінетін көлікке баж салығын 50 пайызға дейін көтеретінін мәлімдеді

Трамп Канададан әкелінетін көлікке баж салығын 50 пайызға дейін көтеретінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Канададан әкелінетін көлікке баж салығын 50 пайызға дейін көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық автомобильге, жүк көліктеріне (үлкені де, кішісі де), автокөлік бөлшектері мен болатқа салынатын баж салығы 50 пайызға дейін көтеріледі. АҚШ-та өндірсеңіздер — баж салығы нөл болады. Канада енді АҚШ-тың штаты ретінде қарастырылмайды, — деп жазды Дональд Трамп.

Оның сөзінше, Канада — сауда және басқа да салаларда қарым-қатынас жасау ең қиын елдердің бірі.

— Олар өздерін артықшылыққа ие ел ретінде санайды. Алайда шын мәнінде Канада бізге емес, біз Канадаға қажетпіз. Олардың саудасының 95 пайызы АҚШ-пен байланысты, ал бізде жағдай керісінше, — деді АҚШ президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар