Әнші Алтынай Жорабаева желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі қызы Аяулымның Қытайда магистратурада оқу үшін грант жеңіп алғанын сүйіншілеп жеткізді.
«Сүйінші! Қызымыз Аяулым Қытайда екі жыл грантпен қытай және жапон тілдерін оқып, биыл Қытайдағы магистратураға грантқа түсті.
Аллаға шүкір! Осындай қуанышымызды сіздермен де бөліскім келді», – деді Алтынай Жорабаева.