Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Украина бейбітшілікті қалайды. Алайда жай ғана беріле салуға дайын емес»: Зеленский маңызды үндеу жасады

15:04, 25 тамыз 2026

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Зеленский өз үндеуінде украин халқы тәуелсіздіктің қандай бағамен келгенін жақсы білетінін атап өтті.

Президент Украина бейбітшілікті қалайтынын, алайда тәуелсіздігінен бас тартпайтынын айтты.

«Бәріміз шаршадық, бірақ көп шағымданбаймыз. Украина, сөзсіз, бейбітшілікті қалайды. Алайда жай ғана беріле салуға дайын емес. Осы 35 жыл ішінде біз өзімізге қатысты талай болжам естідік. Бірақ олардың басым көпшілігі орындалмады. “Украина мемлекет ретінде өмір сүре алмайды”, “қиындықтарға төтеп бере алмайды” деген сөздер айтылды. Ал 24 ақпанда “бірнеше күн ғана шыдайды” деді. Бірақ біз осы уақыттың бәрінде табандылық танытып, беріспей келеміз. Бұл — тәуелсіздік үшін жүріп жатқан соғыс», — деді Владимир Зеленский.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар