Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жеке өмір… Осы жаздың ерекше жаңалығы! Қабыл алдым»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын жария етті

14:16, 25 тамыз 2026

Әнші әрі актриса Мөлдір Мұқан «Донор» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдайды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жобаның түсірілімі Алматыда басталды.

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының хабарлауынша, жаңа жоба қазақстандық трансплантолог дәрігерлердің күрделі қызметі мен күнделікті өмірін драмалық оқиғалар арқылы баяндайды.

Жоба авторлары ақ халатты жандардың кәсіби жолымен қатар, олардың жеке өмірін де жаңа қырынан көрсетуді көздейді.

«Донор» телехикаясы осы күзде көрерменге жол тартады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан телехикаяға шақыру алғанын айтқан еді.

Мөлдір Мұқанның айтуынша, бұл жоба – оның шығармашылық жолындағы ерекше жаңалықтардың бірі.

«Осы жаздың ерекше жаңалығы - сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар