Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Света Айтбаева желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Жұлдызды жұп Қанат Айтбаев пен Света Айтбаеваның шаңырақ көтергеніне биыл 33 жыл толып отыр.
Өнер иесі осы айтулы күнге орай ақ тілегін айтып, жылы лебізін білдірген көпшілікке ризашылығын білдірді.
«Отбасымыз аман болсын! Құттықтап жатқан баршаңызға мың алғыс!» – деп жазды Света Айтбаева.