Танымал актриса, продюсер, Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбекованың отбасында қаралы жағдай орын алғанын хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Актриса әрі блогер өзінің Instagram парақшасында қонақасыдан сурет жариялап, танымал продюсердің туған бауыры кенеттен дүниеден өткенін жеткізді.
Өз жазбасында Жұлдыз Әбдікәрімова өмірдің өтпелі екеніне тоқталып, орны толмас қайғының бүкіл отбасы үшін өте ауыр соққанын білдірді.
Өмірде екі ақиқат бар: туу және өлу.
Бұл апта біздің отбасымызға осы ақиқаттың екіншісін тағы бір еске салды. Енемнің туған бауыры Жаратушысына қайтты. Түркістанға, туған жеріне барып, Құран бағыштап, соңғы сапарына шығарып салдық.
