Солтүстік атлантикалық альянстың құрылғанына байланысты кездесу 9-11 шілде аралығында өтеді. НАТО саммитіне бұл жолы Арменияның қатысатынын сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян мәлімдеген.
Арменияның НАТО-мен өзара байланысты нығайтуға бағытталған қадамдары 2024 жылы, ақпан айының соңында басталды. Ол кезде Армения президенті Никол Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелікті тоқтатындығы туралы мәлімдеген болатын:
"Билік "жаңа мүмкіндіктерді", соның ішінде Еуропалық Одаққа кіруді талқылауда", – деді Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян.
Естеріңізде болса, тіпті, Пашинян Арменияның ЕО-ға 2024 жылы кіруге дайын екенін айтқан.