Алматы жұртшылығы ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды, деп жазады Alash.kz.
Қаралы жиын Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтіп, оған марқұмның туған-туыстары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ өнер майталмандары қатысты. Ақынды соңғы сапарға шығарып салушылардың қатарында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген де болды.
Қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де басталып, театр ғимаратына жиналған қалың жұртшылық заңғар тұлғаға деген құрметін білдірді. Жиын барысында зиялы қауым өкілдері мен ақынның үзеңгілестері Мұхтар Шахановтың қазақ әдебиеті мен ұлттық руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін, оның қайсар мінезі мен азаматтық ұстанымын еске алды. Елдің намысын жыртқан қайраткердің қазасы бүкіл қазақ халқы үшін ауыр қайғы ретінде қабылданды.
Ресми шара аяқталғаннан кейін, сағат 13:00-де LuxHall банкет залында марқұмның рухына арналып ас берілді.