Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда жетінші сынып оқушысына жасалған зорлық фактісі қоғамды дүр сілкіндірді

12:01, 24 желтоқсан 2025

Ақтауда мектеп оқушыларының жетінші сынып оқушысын ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде зорлап, қорлап келгені анықталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жетінші сынып оқушысы жоғары сынып оқушылары тарапынан бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған жайтты ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл оқиғаның мән-жайы туралы ақпаратты «Немолчи.kz» қоры жариялап, қылмыстың өткен жылдың қыркүйек айынан басталғанын хабарлады. Қордың мәліметінше, жасөспірім қызға қатысты жасалған әрекеттер аса қатыгездігімен ерекшеленген:

«Жетінші сыныпта оқитын қызды сабақтан соң ұстап алып, құрылыс алаңына сүйреп апарған және бәрін телефонға түсіріп, қорлаған. Бір топ болып азғындық жолмен зорлап, жыныс мүшелеріне темекі тығып, ішінен секіріп, соққыға жыққан».

Оқиға салдарынан зардап шеккен қыздың психологиялық жағдайы күрт нашарлап, ол бірнеше рет мамандандырылған клиникаларда емделуге мәжбүр болған. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, зорлықшылар оқушының денесіне кеңсе пышағымен балағат сөздер ойып жазған, соның салдарынан жәбірленуші бірнеше мәрте өз-өзіне қол жұмсамақ болған.


Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанды зорлау» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Құзырлы орган өкілдері тергеудің барысы туралы мынадай мәлімдеме жасады:

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар