Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Қарағандыда 73 жастағы қария көліктен өлі табылды

13:28, 24 желтоқсан 2025

Қарағанды облысында мал іздеуге шығып, із-түссіз жоғалған қарияны бірнеше күнге созылған іздестіру шаралары қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиғаның мән-жайы бойынша, 73 жастағы қария 18 желтоқсан күні өз көлігімен жайылымдағы малын іздеуге шығып, қайтып оралмаған. Оның жақындары арада үш күн өткенде ғана, яғни 21 желтоқсанда құтқару қызметіне жүгінген.

Іздестіру жұмыстарына Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен әскери қызметшілер жұмылдырылды. Бірнеше күндік операцияның нәтижесінде, 23 желтоқсан күні Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінің маңынан жоғалған азаматтың көлігі табылды.

Өкінішке қарай, қарияның мәйіті жеңіл автокөліктің ішінен табылған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның нақты себептерін анықтау мақсатында тиісті тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар