ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздардың жұмыс жүктемесіне қатысты тың мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Министр бұл жайында Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Бас тақырып» бағдарламасында пікір білдірді.
«Ұстаздардың негізгі міндеті – педагогикалық сабақ беру. Сабақтан тыс жүктеме нақты айқындалуы керек. Қазір мұғалімдердің апталық жүктемесі 16 сағат болып заңмен бекітілді. Қалған уақытын олар өзін дамытуға, шығармашылығына арнауы тиіс. Кей жағдайда әкімдіктердің мұғалімдерді шырша құру сияқты жұмыстарға тартуы резонанс тудырып, қоғамның өзі ұстаздарды қорғап жатыр», – деді министр.