Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«6 жасар баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалған» - Риддердегі оқыс оқиға туралы ел естімеген ақпарат тарады (ВИДЕО)

09:53, 24 желтоқсан 2025

Риддер қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында такси жүргізушісі алты жасар баланы қағып кетіп, оның жағдайын тексергеннен кейін оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Alash.kz.

Риддер қаласында аула ішінде болған жол-көлік оқиғасы әлеуметтік желілер мен жергілікті чаттарда қызу талқыланды. Куәгерлердің мәліметінше, төртінші шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында такси жүргізушісі алты жасар баланы қағып кеткен. Оқиға күндізгі сағат 13:00 шамасында болған.

Тараған ақпараттан кейін аталған үйге орнатылған бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Видеожазбада баланың кіреберістен жүгіріп шыққаны және дәл сол сәтте ауламен өтіп бара жатқан көліктің оны қағып кеткені анық көрінеді. Соққы салдарынан бала шетке ұшып кеткенімен, орнынан тұрып, қозғала алған.

Кадрларда жүргізушінің көліктен түсіп, баланың жағдайын сұрағаны, ауыр жарақат байқалмаған соң оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді. Ал бала жылап, үйіне қарай жүгіріп кеткен.

Оқиға куәгерлері жүргізушінің баланы медициналық көмексіз қалдырғанын айтып, оны жауапқа тартуды талап етті. Тұрғындар сырт көзге білінбейтін ішкі жарақаттардың болуы мүмкін екенін де алға тартты.

«Жүргізушінің тұлғасы анықталды, ол Риддер қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақты, кеуде тұсының соғылуы (ушиб) диагнозы қойылды. Дәрігерлер қажетті көмекті көрсетті», - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Ал Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.

«Полиция қызметкерлері Lada X-Ray автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Оның көлігі тәркіленіп, мамандандырылған тұраққа қойылды. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп мәлімдеді ПД.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар