Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кетемін. Билікке жабысып отырған жоқпын”: Лукашенко күтпеген мәлімдеме жасады

20:37, 23 желтоқсан 2025

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға басымдық берілетінін мәлімдеп, бас прокуратура мен Тергеу комитетінің жаңа басшылығына нақты міндет жүктеді, деп хабарлайды Alash.kz Caliber.Az сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қолданыстағы мемлекеттік жүйеге қарсы бағытталған кез келген әрекетке қатаң түрде жол бермеуді талап етті. Президенттің айтуынша, билікті өзгерту тек заң аясында, яғни сайлау арқылы жүзеге асуы тиіс. Ол Беларусьта азаматтардың өз таңдауын білдіруіне барлық құқықтық мүмкіндік бар екенін атап өтті.

“Қолданыстағы мемлекеттік құрылымға қарсы «революциялық» күрес бағытында ешқандай әрекет болмасын. Ол үшін сайлау бар. Сайлауға барып, осы мәселелерді шешу керек. Бұл тұрғыда Беларусьте барлығы бар. Оның үстіне, қазіргі президент, мен жиі айтып жүргенімдей, билікке көгере жабысып отырған жоқ”, - деді Лукашенко.

Сонымен қатар Беларусь басшысы өзінің саяси болашағына да тоқталып, өзін тағы да «кетіп бара жатқан президент» деп атады. Алайда ол бұл сөздерді қызметтен дереу кету ретінде түсінбеу керегін айтты.

"Мен кетемін! Кімді уайымдатса, кімді қуантса да, көпшілігі осы сөзіме жармасып алды. Бірақ бұл ертең бәрін, соның ішінде өзім де бәрін тастап, кете саламыз дегенді білдірмейді. Дегенмен, менің президент болып жұмыс істеп жүргеніне бірінші немесе екінші жыл ғана болған адам емес екенім түсінікті”, - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар