Венесуэла жағалауындағы танкерлерде ұсталынған 1,9 млн баррель мұнай АҚШ-та қалатын болды, деп хабарлайды Alash.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, мұнай сатылады немесе стратегиялық қор ретінде сақталуы мүмкін, ал танкерлер де ел аумағында қалмақ.
Трамп журналистерге берген түсініктемесінде: «Мүмкін, мұнайды сатамыз. Мүмкін, сақтаймыз. Мүмкін, стратегиялық қор ретінде пайдаланамыз. Біз оны сақтаймыз. Сондай-ақ, танкерлерді де сақтаймыз» деді.