Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дипфейктер, дропперлер және алаяқтар: елордалық оқушыларға цифрлық қауіпсіздік туралы айтылды

15:55, 23 желтоқсан 2025

Елордалық Экономикалық тергеу департаменті «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында оқушылар, студенттер және әлеуметтік осал топтарға арналған ақпараттық-түсіндірме шараларын өткізуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жақында ведомство қызметкерлері орта мектептің 10-11 сынып оқушылары үшін қаржылық және цифрлық қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізді. Оған 400 оқушы қамтылды.

Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздіктің, жеке және мемлекеттік деңгейде, қаржылық тұрақтылықтың негізі екенін түсіндіру, сондай-ақ қазіргі экономикалық жағдайда қаржылық тәуекелдер туралы жалпы түсінік беру.

Кездесу барысында Астана қаласы Экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі Нұрғали Аязов цифрлық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы, интернет-алаяқтықтан, дипфейктерден қорғану әдістері, жеке деректерді қорғау және дропперлер туралы толық ақпарат берді.

Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, нақты жауаптар мен практикалық кеңестер алды. Мұндай дәрістер қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздіктің әрбір тұрғын өміріндегі рөлін түсінуге маңызды платформа болып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар