АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағында есірткі трафигіне қарсы күрес аясында құрлықтағы операциялар жүргізу мүмкіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, АҚШ билігі теңіз арқылы келетін есірткі ағынының 96 пайызын тоқтатқан. Енді есірткі тасымалына қарсы күрес құрлықта жалғасады. Трамптың сөзінше, жоспарланған шаралар Венесуэламен ғана шектелмей, есірткі тасымалдаумен айналысатын тұлғаларға бағытталмақ.
Сондай-ақ соңғы уақытта АҚШ Венесуэла жағалауында бірнеше танкерді тәркілегені хабарланды. Бұдан бөлек, Венесуэла президенті Николас Мадуроның отбасына қатысты санкциялар енгізілген.