Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әнші Алтынай Жорабаева Құран оқылатын жерде де мобилографпен жүретін әріптестері үшін ұялды

15:01, 19 маусым 2024 780
Әнші Алтынай Жорабаева мобилограф ертіп жүретін әріптестеріне ренішін білдірді, - деп хабарлайды. Өнер иесі бұл әрекет сырттай ерсі көрінетінін айтып, әншілердің шектен шықпауын сұрады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Өнер иесі бұл әрекет сырттай ерсі көрінетінін айтып, шектен шықпауды сұрады.

"Мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы, өтініш. Құран оқитын жер болсын, тіпті той болсын. Қонаққа барып отырсаң амандасқанына дейін, сыйлық бергеніне дейін түсіріп, жаман көрінеді, рас айтамын. Инстаға салғанда халыққа білінбейді. Бірақ сіздер солай мобилографыңызбен кіріп келгеніңіз сырттан жаман көрінеді. Бәрі тек көрсету үшін екені сырттан жаман көрінеді. Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді жасаңыз. Тіпті, блогерлердің іс-шарасы болса да мейлі. Бірақ шектен шықпаңыздаршы. Артық айтсам, кешірім сұраймын", - деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар