Әлеуметтік желілерде КСРО Халық әртісі, қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімовтің отбасылық мұрағатынан алынған сирек бейнежазба жарияланды, деп жазады Alash.kz.
Instagram платформасындағы танымал парақшалардың бірінде жарық көрген бұл видео көпшіліктің ерекше ықыласына бөленіп, кеңінен таралды.
Тарихи кадрларда өнер иесінің анасы, жары және балалары түскен. Бейнежазбада өткен ғасырдың ерекше атмосферасы мен отбасылық құндылықтардың шынайы көрінісі сақталған. Мұрағаттық материалдағы жылылық пен қарапайымдылық көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, отандық мәдениет майталманының өміріне қатысты құнды жәдігер ретінде қабылданды.
Бейнежазбаның сипаттамасында: «Асанәлі ағаның анасы, жары, балалары осы видеода. Жылылық пен бақытқа толы қандай әдемі естелік», - деп атап көрсетілген.
Желі қолданушылары Абыз актердің өмірі мен осы бейнежазба хақында өз пікірлерін білдірді.
Әйелін құрметтей алмай жүрген, ұрып-соғып, зәбір көрсетіп, тіпті, өлімге жеткізіп жүрген қазақ жігіттері, еркектер, сүйген әйелді Қалай қадірлеу Керек екенін, қалай сүйе білу керек екенін, қалай бағалау керек екенін марқұм Асанәлі Әшімов атамыздан үйреніңіздер!
Екі Ұлы қайтты Алла алдынан жарылқасын иманды болсын сол ұлдарын сағынғаннан кұса болды-ау! Майраға деген сағынышы өшпепті жұмақта қауыштырсын!
Керемет кітапты бір деммен оқып шыққан едім...Үйренеріміз де , аларымыз да көп еді көкемізден!