Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Анасы үш баласының қазасынан бейхабар»: Астанадағы өрт құрбандары жер қойнына тапсырылды

15:34, 15 сәуір 2026

Елордадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде орын алған жойқын өрттен қаза тапқан үш бірдей бүлдіршінді жақындары соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Тілсіз жаудың құрбаны болған 13 жастағы Айзере, оның 8 жастағы қарындасы мен 2 жастағы інісін туған-туыстары мен жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Қазіргі уақытта балалардың анасы аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Дәрігерлердің мәліметінше, апаттан аман қалған 39 жастағы Жанаргүлдің денесін 50 пайызға жуық күйік шалған. Ол әлі күнге дейін есін жимағандықтан, үш баласынан айырылғаны туралы қайғылы хабардан бейхабар. Мамандар науқастың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатқанын хабарлады.

Қара жамылған отбасының жақындары бұл оқиғаның орны толмас қасірет екенін айтып, жұртшылықты барының қадірін білуге үндеді. Марқұмдардың тәтесі жасаған мәлімдемесінде өмірдің өтпелі екеніне тоқталып, былай деді:

 «Бүгін әпкемнің үш баласын жер қойнына тапсырдық. Осы қайғылы күннен бері өзімізге келе алар емеспіз. Кейде біз тым көп нәрсе сұраймыз, ал барымызды бағаламаймыз. Балалардың, ата-ананың, жақындардың амандығын бағалау керек».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар