Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Америка президенті Дональд Трамп сайлау аяқталғанша "Иранға шабуылдамаймын" деп мәлімдеді

10:45, 10 қазан 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қарашада өтетін Конгреске аралық сайлауға дейін Иранға шабуыл жасалмайтынын айтты. Алайда сайлаудан кейін әскери әрекеттердің тоқтатылатыны немесе қайта жалғасатыны туралы нақты мәлімет бермеді, деп жазды Alash.kz. 

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру шарттарын талқылап жатыр. Дегенмен әзірге ортақ келісімге қол жеткізілген жоқ.

Тараптар арасындағы басты келіспеушілік Иранның ядролық бағдарламасына қатысты. Вашингтон уран байытуға шектеу қоюды талап етсе, Тегеран бағдарламадан бас тартуға және уран қорын басқа елдерге беруге келіспей отыр.

Reuters/Ipsos сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың 60 пайызы Трамптың Иранға қатысты әрекеттерін қолдамайды. Республикалық партия жақтастарының шамамен төрттен бірі де оның саясатына қарсы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар