Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алмазбек Атамбаев ақталды

06:56, 30 маусым 2022 205
Бішкек қаласының Первомайский аудандық соты 2020 жылы қазан айындағы дүрбелеңге байланысты қылмыстық істің шешімін шығарды. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев бастаған күдіктілердің бәрі "қылмысы жоқтығына байланысты" ақталып шықты.



Сот Алмазбек Атамбаев пен оның бұрынғы кеңесшісі Фарид Ниязовты үйқамақтан шығару жөнінде қаулы алды.

Бұрын Қырғызстан прокуратурасы Алмазбек Атамбаевты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 278-бабы ("Жаппай тәртіпсіздік") бабы бойынша 12 жылға, оның көмекшісі Фарид Ниязов пен күзетшісі Қанат Сағымбаевты да осы бап бойынша 7 жылға бостандығынан айыруды сұраған.

Алмазбек Атамбаев өзін ақтап шығарған сот отырысына қатысудан бас тартқан, сот отырысын "цирк" деп атаған, "соңғы сөзін бостандыққа шыққан соң ғана айтатынын" мәлімдеген.

Қырғызстан соты Алмазбек Атамбаевты бұған дейін ді бернеше бап бойынша ақтаған.

2020 жылы қазан айында Қырғызстанда болған дүрбелеңге байланысты 7 адам айыпталып, қылмыстық іс қозғалған. Олар: Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, оның кеңесшісі Фарид Ниязов пен күзетшісі Қанат Сағымбаев, "Социал-демократтар" партиясының жетекшісі Темірлан Сұлтанбеков, ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асанов және "Тұран" партиясының жетекшісі Жеңіш Молдокматов пен саясаткер Өмірбек Бабанов.

 


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар