Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті «Warner Bros» атауын пайдаланып құрылған қаржы пирамидасын ұйымдастыру және басқару дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Alash.kz
Тергеу мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарды жоғары табыс уәдесімен инвестиция салуға тартқан. Жобаға заңды реңк беру үшін оның атауында Голливудтағы белгілі компанияның бренді қолданылған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін көру және жаңа инвесторлар шақыру арқылы пайда табу ұсынылған.
Пирамида 9 деңгейден тұрған. Орташа салым — 225 мың теңге. Барлық төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған.
Схеманы кеңейту үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде арнайы чаттар ашылып, оқыту, нұсқаулықтар, бейнероликтер таратылған. Ұйымдастырушылар қатысушыларға «жылдам табыс» пен криптовалюта түріндегі сыйақы уәде еткен.
Тергеу барысында салымшылардың ақшасы сақталған және аударылған криптоәмияндар анықталды. Сот санкциясымен 3,8 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.
Сот үкімі бойынша ұйымдастырушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, 40 жәбірленушінің азаматтық талаптары қанағаттандырылып, олардың залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Алматыда "Warner Bros" атын жамылған криптопирамида әшкереленді
Ерлан Қарин: Радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек
13:25, 01 қараша 2026
«3 алтын, 5 күміс, 2 қола»: Қазақстан садақ атудан Азия кубогын он медальмен аяқтады
11:20, 01 қараша 2026
«Осы клоунды беріңіздер! Түкіргенім бар…»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады
22:27, 31 қазан 2026
«Әділдік орнайды»: Айдос Сарым байлардың салықты көп төлеуіне қатысты пікір білдірді
18:31, 31 қазан 2026
«Сот ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген»: Оқиға туралы күтпеген дерек шықты
17:32, 31 қазан 2026
«Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет» – Тоқаев
12:56, 31 қазан 2026
«Қандай жұмысқа тартылды?»: Перизат Қайраттың колониядағы өмірі туралы белгілі болды
10:48, 31 қазан 2026