Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда сексен бес жастағы ата мен сексен жастағы әже некелескен

09:44, 13 желтоқсан 2025

Алматы қаласындағы халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме 2025 жылдың басынан бері тіркелген некелерге қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Мекеме дерегіне қарағанда, қалада күн сайын орта есеппен 90-ға жуық неке тіркеледі. Қалыңдықтардың орташа жасы — 28 жас, ал күйеу жігіттердің орташа жасы — 31 жас.

Тіркелген некелер арасында ерекше жағдайлар да кездескен. Атап айтқанда, 85 жастағы ер адам мен 80 жастағы әйел некесін заңды түрде тіркеген. Сонымен қатар, ата-аналары мен уәкілетті органдардың келісімімен 16 жастағы екі жасөспірімнің некесі де ресми түрде тіркелген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар