Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды

09:21, 22 қаңтар 2026

Аталған оқиға 21 қаңтар күні Алматы облысындағы мектептердің бірінде болған, деп жазады Alash.KZ. 

Оқиға қалай болған? Таңғы уақытта 9-сынып оқушысының жағдайы кенеттен күрт нашарлаған. Мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырып, баланың туыстарына хабар берген.

Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Оқушы оқиға орнында көз жұмды. Ол 26 ақпанда 16 жасқа толуы тиіс еді.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар