Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген тұрғын анықталды

16:33, 30 қазан 2026

Алматы облысының Алатау қаласында 46 жыл бойы жеке куәліксіз әрі жеке сәйкестендіру нөмірінсіз (ЖСН) өмір сүріп келген әйел анықталып, оған құжаттарын рәсімдеуге прокуратура органдары қолғабыс етті, деп хабарлайды Alash.kz.

Алматы облысы прокуратурасының берген деректеріне сүйенсек, 1980 жылы дүниеге келген кезінде анасы азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдарында тіркемеген. Салдарынан ол өмір бойы ресми құжатсыз қалып келген.

Жылдар өте келе сол кезеңдегі медициналық мұрағаттардың сақтау мерзімі аяқталуына байланысты деректер жойылған. Осы себепті әйелдің азаматтық мәртебесін соттың араласуынсыз қалпына келтіру мүмкін болмады.

Сонымен қатар, ЖСН-нің болмауы кесірінен азаматша сотқа өз бетінше арыздана да алмаған. Бұған дейін туысқан әпкесі өтініш білдіргенімен, ол талап қанағаттандырусыз қалдырылған еді.

Тығырыққа тірелген жағдайдан кейін Алатау қаласының прокуратурасы азаматшаның бұзылған құқығын қорғауды өз мойнына алып, оның туу фактісін заңды түрде анықтау туралы сотқа арыз түсірді.

Сот прокурорлардың талабын толықтай қанағаттандырды. Осы оң шешімнің арқасында енді ол өзінің жеке куәлігін толық рәсімдеп, тиісті медициналық көмек алуға, ресми түрде жұмысқа орналасуға және мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік қолдауларға қол жеткізе алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар