Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр

09:59, 12 сәуір 2024 491

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ч.С. Аринов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр.

"Осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді . Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар