Алматыдағы апатқа ұшыраған автобустың камерасы түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желідегі парақшаларға жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz сайты inbusiness.kz порталына сілтеп.
Оқиға Mega park ойын-сауық орталығының жанында, Мақатаев және Масаншы көшелерінің қиылысында болды. Қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазбадан Мақатаев көшесінің бойымен келе жатқан автобусқа жеңіл көліктің соғылғанын көруге болады.
Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.
Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы автобустың ішінде болған жолаушылардың 25-і зардап шеккенін мәлімдеді.