Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда бейтаныс пәтерге кіріп, 45 жастағы әйелді зорламақ болған

21:20, 02 мамыр 2024 697

Алматыда ер адам 45 жастағы әйелді зорламақ болған. Бұл туралы Бостандық аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Таңертең танымайтын әйелдің пәтеріне кірген. Ұялы телефонын тартып алып, зорламақ болған.

“Бұл қылмысты біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” ашты. Күдікті қаланың басқа бөлігінде ұсталды. 28 жастағы қаскөй бұрын тонау және зорлау бойынша сотты болғаны белгілі болды. Бөтен біреудің ұялы телефоны мен пышақ тәркіленді. Олар қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Ұсталған адам қамауға алынды”, - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дидар Аханов.

 

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар