Автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шығып, салдарынан біріншісі пышақ жарақатын алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды.
«Бұзақылық бабы бойынша жүзді қару қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық қару тәркіленді. Басқа мән-жайлар анықталуда» деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.