"Қазір Алматы хайуанаттар бағындағы жағдай біздікіне қарағанда жақсы. Томның көбеюіне жағдай жасалуы керек еді. Том бізден 28 наурызда ешқандай ауру белгілерінсіз кетті. Біздің білуімізше, Алматыға еш қиындықсыз жеткізілді. Кейін Алматыдан суреттер мен жазбаша есептерді алдық. 15 сәуірдегі соңғы хабарламада "аюдың жағдайы жақсы" екені айтылған", – деді Бобек.
Әлеуметтік желілерде Чехия тұрғындары Алматы зообағына наразылықтарын білдіріп, жан-жақты тергеп-тексеруді талап етіп жатыр.
Прага зообағының директоры Мирослав Бобектың сөзінше, ақ аю 4 мамырда өлген, ал зообақ бұл жөнінде 22 мамырда ғана хабар берген. Айтуынша ол туралы 18 күн бойы жасырған, деп жазады Alash.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеп.