Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әлі де офшорларда 45 млрд доллар қаржы жасырылған". Депутат елден шығарылған қанша қаржы қайтарылғаны туралы айтты

16:17, 02 ақпан 2024 290
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті өкілі шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару механизмі туралы баяндады деп хабарлайды alash.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеп. 

Ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Инкар Елубай хабарлаған соңғы деректерге сәйкес, 2 мыңнан астам азамат қазынаға жақын арада 2,967 млрд теңге қайтаруы керек.

Алайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің айтуынша, әлі де офшорларда 45 млрд доллар қаржы жасырылған.

Жалпы заңсыз активтерді қайтару науқаны 2023 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы Заңға қол қойған сәтінен басталды.

Президенттің Жарлығымен өткен жылдың 5 қазанында Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылып, бұл құрылым активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган деп бекітілді.

Жоғарыдағы заңға сәйкес, бай-жағалылардың сыртқа шығарған активтері қалай қайтарылады?
"Заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері олигополия субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары бар және жиынтығында белгіленген шектен асатын сомаға – құны 13 млн АЕК немесе шамамен 40 млрд теңгеден (100 млн АҚШ доллары) астам активтері бар адамдарға қолданылатын болады. Яғни, аталмыш заңнама жеке және заңды тұлғалардың шектеулі тобына ғана қатысты. Жеке тұлғаларға қайдан тапқаны белгісіз мүлікке иелік ететіндер жатады. Мысалы, бір адамның басында бірнеше жылжымайтын мүлік, автокөлік не басқа да қымбат дүниелер болса, бірақ оның кірісі оған жетпеген жағдайда уәкілетті орган оған бірден назар аударады", – деп атап өтті Инкар Елубай.

Ал сол шығу тегі түсініксіз активтерді және олардың иелерін анықтау үшін алдымен уәкілетті орган – Активтерді қайтару жөніндегі комитет арнайы мониторинг жүргізеді.

Оның барысында активтерді заңсыз шығару схемасына тартылған тұлғалар, оның ішінде үлестес тұлғалар тобы айқындалатын болады. Кейін солар бойынша толық ақпарат ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен сұралады.
"Комитетке біз тек ақпараттық жүйелерімізде бар мәліметтерді ұсынамыз.  Толық ақпаратты бейінді орган беруге уәкілетті. Активтерді жеке тұлға да, заңды тұлға да қайтарады. Жеке тұлғалар бойынш – 2,967 млрд теңге сомаға 2 мың адам қазір тізімде тұр", – деп атап өтті Инкар Елубай.

Ол жақтан түскен ақпарат негізінде Комитет ведомство өз активтерін жариялау туралы декларацияны тапсыруға хабардар етуі керек тұлғалардың тізілімін қалыптастырады. Декларацияны тапсыру материалдарды жинауға қажетті уақытқа байланысты бір айдан үш айға дейін созылуы мүмкін, өйткені ақпарат 1992 жылдан бері сақталып келеді.

Сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігі активтерді қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық жүргізуде. Бұл тұрғыда АҚШ-пен салық тәртібін жетілдіру туралы келісім бар, 2021 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР резиденттерінің қаржылық шоттарына қатысты шетелдік органдармен автоматты түрде ақпарат алмасуға қол жеткізілді.

Егер, мысалы, Қазақстан резиденттері қандай да бір табысқа кенелсе немесе ҚР аумағынан тыс жерде қандай да бір мүлкі болса, онда бұл ақпарат ҚР МКК-не сол сәтте жіберіледі.

Осылайша, бүгінгі таңда шамамен 3 млрд теңгенің шығу тегі тексеріліп үлгерді.
"Біз салықтық тексеру барысында қандай да бір қызметтің бар-жоғына немесе күдікті активтерге қатысты болжам ғана жасай аламыз. Бізде түпкілікті қорытынды жасауға жеткілікті ресурстар жоқ. Сол қолда бар мәліметтерді біз Активтерді қайтару жөніндегі комитетке беруге міндеттіміз", – деді Қаржы министрлігі өкілі.

Жоғарыда сипатталған алгоритм бойынша жұмыс жалғасын табады. Мемлекеттік кіріс комитетінің екінші деңгейдегі банктер деректерінен алған ақпараттың қорытындысы бойынша қазірдің өзінде ел бюджетіне шамамен 15 млрд теңге есептелгені анықталды.

Жалпы науқан басталғалы іштегі және сырттағы заңсыз иемделген 1 трлн теңге жуық қаражат қазынаға қайтарылды. Активтер БАӘ, Франция, Англия, Швейцария, Түркия, Лихтенштейн мен Аустрияда жасырылған.

Одан бөлек жақында осы бағытта тағы бір келелі заң – трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заңнаманы мәжіліс отырысының екінші оқылымында қабылданды. 2019 жылдан бастап тауар биржаларында мәмілелер бойынша трансферттік баға белгілеуге бақылау жүргізілмеген.

Нәтижесінде, нарықтағы бағадан төмен бағамен экспорттық мәмілелер жасау (сатып алушымен сөз байласу) арқылы капиталды елден шығару қаупі туындады.

Енді егер мемлекет сатып алушының тауарды жеткізуге байланысты барлық шығынын ескере отырып, сәйкессіздікті анықтаса, сатушы компанияға қатысты сатудан түскен кіріске түзету енгізіледі. Бұл қосымша салық төлемдеріне әкеледі.

фото халық үні
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар