Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Атасы күдіккке ілінді". Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы қыздың сабақ үстінде толғағы қысқан

19:32, 16 қазан 2025 346

Ақтөбе облысында босанған 14 жастағы оқушы қыздың ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Баланың әкесі 64 жастағы ер адам болуы мүмкін. Ол - қыздың әжесінің күйеуі, - деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Massaget.kz жазуына қарағанда, күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ақтөбе облысындағы Перинаталдық орталық мәліметінше, қыз сәбиімен бірге Ойыл аудандық ауруханасынан санитарлық авиация арқылы жеткізілген. Қазір ол облыстық орталықта жатыр.

"Бізге 14 қазанда сағат 19:30-да Ойыл орталық аудандық ауруханасынан санитарлық авиация арқылы жеткізілді. Нәресте уақытында туған, салмағы - 2770 грамм, жағдайы қанағаттанарлық. Анасы дәрігерлердің бақылауында, тексерістен өтті", - деді Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының директоры Гүлшат Темірбаева.

Қазір 14 жастағы оқушы мен сәбиі бөлек палатада жатыр. Қасында қыздың анасы бар. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, 13 қазанда сабақ кезінде қыздың толғағы келген. Ауруханаға түскеннен кейін дәрігерлер оның жүкті екенін анықтаған. Қыз толық емес отбасында тәрбиеленген және үш баланың үлкені.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 64 жастағы ер адам ұсталған. Ведомство дерегінше, ол қыздың өгей атасы болып шыққан. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар