Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Айдос Үкібайдың айтуынша, Сара Назарбаева сәуір айынан бері Алматыдағы Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап жатыр.
Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуда.
- БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Алпысқызының есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырамын. Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын, - деді Айдос Үкібай.