Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Орны толмас қаза”. Алматыда ойын кезінде 19 жастағы жас футболшы көз жұмды

“Орны толмас қаза”. Алматыда ойын кезінде 19 жастағы жас футболшы көз жұмды

Алматыда футбол ойыны кезінде «Хан-Тәңірі» клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады", - делінген Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар