Сенат депутаты Марат Қожаев алкоголь сату ережелерін қатаңдату туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Сенат депутаты Марат Қожаевтың айтуынша, алкоголь сату шарттарын қатаңдату - қажетті іс-шара. Себебі Қазақстандағы құқық бұзушылықтардың 30 пайызы дәл осы алкогольдің әсерінен орын алады.
Сенатордың айтуынша, алкоголь қазақстандықтар үшін өмір сүруге бірінші қажеттілік өнімі емес.
«Мен бұл ұсынысты дұрыс деп санаймын. Біздің еліміздегі құқық бұзушылықтардың 30 пайызы алкогольдің кесірінен болып отыр», — деді Кожаев.
Еске салайық, ведомствоаралық комиссияның отырысында Ішкі істер министрлігі бірқатар ұсыныстар енгізді.
Олардың қатарында:
• алкогольді тек мамандандырылған дүкендерде сату;
• лицензия беру талаптарын күшейту және олардың санын шектеу;
• сондай-ақ спирттік ішімдіктердің онлайн сатылымына толық тыйым салу бар.
Кожаев мұндай тәжірибе басқа елдерде де бар екенін атап өтті:
«Мысалы, АҚШ-та үй маңындағы дүкендерде алкоголь сатылмайды. Оны тек арнайы мекемелерде сатады. Олар белгілі бір талаптармен жұмыс істейді. Кәмелетке толмағандарға сатпайды, тыйым салынған уақытта сатуға болмайды. Бұл - сақталуы тиіс ережелер», - деді ол.