Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алика Мұхамадиева ісі: “Прокурор 4,5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады”

17:06, 17 қазан 2025 282

Қарағандыда әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты сот процесі жалғасуда. Ол Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары үшін жауапқа тартылып отыр, деп жазады Alash.kz.  Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сот жарыссөзінде прокурор Фарида Сәдуова сөз сөйледі. Мемлекеттік айыптаушы Мұхамадиеваның кінәсі толық дәлелденгенін айтып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сонымен қатар, прокурор сотталушының өкініш білдіргенін және оның кішкентай баласы бар екенін ескерді.

Сәдуова сонымен бірге жазаны өтеуді төрт жылға дейін кейінге қалдыруға болатынын, бірақ бұл мерзім баласы 14 жасқа толғанға дейін ғана мүмкін екенін атап өтті.

Өз кезегінде айыпталушының адвокаты Тимур Солодуха қорғауындағы адамның бұрын заң бұзбағанын, кінәсін мойындап, өкініп отырғанын және екінші мүмкіндікке лайық екенін айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар