Атырауда Привокзальный шағын ауданындағы шағым түскен пәтердегі әйел полицейдің өміріне қауіп төндірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға 17 қазанға қараған түні болған. Екі учаскелік инспектор тұрғындардың қатты музыка мен айқай-шу туралы шағымы бойынша шақыртуға келген. Пәтерде мас адамдар көңіл көтеріп отырған.
Полиция тәртіп бұзушыларды сабырға шақырмақ болған сәтте әйелI пышақ алып, полицейді жаралаған. Абырой болғанда, жарақат өміріне қауіп төндірмеген.
Жәбірленушіге дереу медициналық көмек көрсетілді. Ал 37 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 6-бөлігінің 1-тармағы (“Билік өкіліне өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.