Қырғызстан әскери қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ережені бұзғандарды қатаң түрде жазалауға көшпек, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Елдегі әскери бөлімдер мен құрылымдарда әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынасты реттейтін жарғы жиі бұзылады. Құзырлы орган өкілдерінің айтуына қарағанда, әлімжеттіктің жеке құрамның моральдық рухына, тәртіпке, құқықтық тәртіпке кері әсерін тигізеді.
Заң жобасында әскери қызметкерлерді қамауға алудың ең ұзақ мерзімін 5 күннен 10 тәулікке дейін ұлғайту ұсынылып отыр. Сонымен қатар, әскерге шақырылушыларға қатысты өкілеттіктерін асыра пайдаланған жағдайда қылмыстық істерді босатпайтын негіздер бойынша қысқарту мүмкіндігін жою ұсынылды., деп жазды "Қазақпарат".
Бұл шара бойынша жауапкершіліктен ешкім бұлтартып кете алмайды. Жарғы қосымша тармақтармен толығып, әскердегі жайлы қарым-қатынасы сақтауға септеседі.
Командирлер мен бастықтардың өз өкілетін асыра пайдалануын тежеп, заңсыз әрекеттерге жол бермейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін де Қырғызстан Конституциясына өлім жазасын енгізу ұсынылғанын.