АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде ХАМАС ұйымына қатаң ескерту жасады, деп жазады Alash.kz.
Ол егер ұйым келісімді бұзып, өз еркімен қаруын тапсырмаса, АҚШ әскери әрекетке баратынын айтты.
Израильдің сыртқы істер министрі Исраэль Кац та ұқсас мәлімдеме жасап, ХАМАС-ты толық жоюға дайын екенін жеткізді.
Соғыс болған аймақтағы шиеленістің қайта өршуі дәл ХАМАС-тың алдағы шешіміне байланысты болмақ.