Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алакөлде ірі өрт болып, төрт демалыс базасы жанып кеткен

05:11, 05 шілде 2022 291
[ad_1]



Шілденің бесіне қараған түні Абай облысының Үржар ауданында, Алакөл жағасында үлкен өрт болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 4 шілдеде 23 сағат 20 минутта тұтанған.


Баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, жел күшейіп, от демалыс үйі мен көршілес базаға жылдам жеткен. Қураған шөп те жанған. Демалушылар нөмірлерін өз бетімен тастап шыққан. Секундына 10 метр жылдамдықпен күшейген жел өртті одан әрі күшейтіп, ағаш үйлердің бірінен екіншісіне жеткен.


Халықтың, өрт сөндірушілердің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлері мен полиция күшімен өрт 5 шілдеде таңғы сағат 5-тен 40 минут кеткенде сөндірілген. Қазіргі мәліметке қарағанда, 3 мың шаршы метр жер жанып кеткен.


"Өрттен 4 демалыс базасы зардап шекті. Өрт сөндіруге Шығыс Қазақстан және Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметінің 29 техникасы мен 186 адам қатысты", - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.


Ресми мәліметке қарағанда, 7 адамға жеңіл медициналық көмек көрсетілген. Өрт себебі әзірге анықталмаған.


Алакөл – Абай және Жетісу облыстарының ортасында, Жоңғар қақпасына таяу тұста жатқан су айдыны. Бүгінде көл аймағында үш жүзден астам пансионат, қонақ үй мен демалыс үйлері жұмыс істейді.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар