Желіде Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары мен тұрғындардың кездесуінен видео тарап жатыр. Кейбір тұрғындар шенеунікті бізге балағаттады деп айыптап айғайлай бастады, деп хабарлайды Alash.kz.
Видеоның астында аудан әкімінің орынбасары Оразхан Қаспақбаевтың «бос уәдеден шаршаған» жергiлiктi тұрғындарды балағаттағаны жазылған.
Аудан әкімдігі видео таралып жатқанын айтып, оны теріске шығарды.
«Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Қаспақбаев Оразхан Өмірханұлының балағат сөздер айтты деген мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Бұл хабар шенеуніктің беделін түсіру мақсатында таратылып отыр. Ақпаратты растайтын фактілер жоқ. Тексерілмеген хабарларға сенбеуге шақырамыз», - деп жауап берді әкімдіктегілер.
Талғар ауданы әкімдігінің бастамасымен 16 мамырда халықпен кездесу өтті.