Белгілі математик, академик Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ғалым саналы ғұмырын ғылымға арнап, «инемен құдық қазғандай» еңбек етудің үлгісін көрсетіп келеді. Ол Қазақстанда алгебра ғылымының дамуына зор үлес қосып, Ли алгебрасы бағытын отандық ғылыми ортаға енгізген тұлға ретінде танымал.
Академикті жастар күтіп алып, гүл беріп, ізгі тілектерін жолдады.