Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Air Astana» ұшағында қамалып қалған жолаушылардың видеосы тарады

12:24, 04 маусым 2024 561

Әлеуметтік желілерде ұшақ салонында қамалып отырған жолаушылардың видеосы тарады. Әлгі видеодан адамдардың өзін жайсыз сезінгені байқалады, деп хабарлайды Alash.kz.

Осы оқиға қатысты «Air Astana» әуекомпаниясы 3 маусымда Алматыда наразы жолаушылар түсірген ұшақтағы видеоға қатысты түсініктеме берді, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Компания мәліметінше, әуе тасымалдаушы өкілдері 2 маусымда Астана – Алматы бағыты бойынша FlyArystan лоукостерінің KC 7332 рейсін Air Astana әуекомпаниясы орындағанын жеткізді.

Ұшақ Алматыға сағат 19:30-да сәл кешігіп келген. Ұшақ тұраққа келгеннен соң жолаушылар түсу үшін арнайы трапты күтуге мәжбүр болды. Олардың айтуынша, трапты кешіктіру жағдайы әуежайға келетін рейстерге қызмет көрсету кезінде пайда болған кезекке байланысты туындаған.

«Ұшқыштар мен бортсеріктер жолаушыларға траптың кешіктірілетінін хабарлады, сонымен қатар ұшақтағыларға су таратылды. Өкінішке қарай, техникалық себептерге байланысты жерде кондиционер жұмыс істемеді және бір әйел өзін нашар сезінді. Бортсерік оған су мен оттегі баллонын әкеліп берді», – деді «Air Astana» компаниясынан.

Сонымен қатар, бірнеше адам ұшақтың есігін өз бетімен ашуға тырысқан, ал бұған қатаң тыйым салынады. Алайда, жолаушылардың бірі ескертулерге қарамастан, қорғаныс қақпағын лақтырып, есіктің тұтқасын тартты.

Сағат 20:15 трапты сүйреген көлік, сонымен қатар желілік полиция қызметкерлері келген.

«Air Astana әуе компаниялар тобы KC 7332 рейсінің жолаушыларынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Әуе компания мен әуежай қызметтері ішкі тексеру жүргізеді», – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар